«Біздің жадымызда. Біз әрекет етеміз. Біз АИТВ санынан көппіз» науқаны аясында өтіліп жатқан іс – шара келесі кезекте қаламыздағы «Ханшайым –Плаза» орталығында жалғасын тапты. Онда Түркістан облыстық ЖИТС тің алдын алу және онымен күресу орталығының мамандары Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне орай бірқатар түсіндірме жұмыстарын жүргізе келіп, ойын сауық орталығына келушілерге өз мәртебелерін анықтауға шақырды. Онда АИТВ инфекциясының таралуы және одан сақтану шаралары жайлы мәліметтер берілумен қатар халық арасында сауалнама жүргізіліп, олардың осы тақырыпқа деген қызығушылғын туындату мақсатында түрлі жұмыстар атқарылды.

От admin