Акция барысында АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану жолдары және Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күнінің маңыздылығы жайлы орталықтың басшы орынбасары Даурен Қашаубайұлы мен педагог маман Марат Ануарұлының қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Қазіргі таңда жастарды бұл тақырып бойынша қызықтыратын сауалдар өте көп екен. Олардың осы бағытта көп ақпарат алғысы келіп, түрлі сұрақтар қойғаны тақырыптың маңыздылығын аша түсті. Сонымен қатар жастардың өз мәртебелерін білуге жағдай жасалып, соңында жадынамалық парақшалар таратылды.

От admin