Мамандар өз біліктіліктерін көрсете отырып саябаққа келушілерге бұл күннің шығу тарихы мен маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар АИТВ инфекциясының таралуы және одан сақтану шаралары жайлы мәліметтер берілді. Саябаққа келушілер бұл тақырып бойынша қызығушылық танытып, өз мәртебелерін жедел тест арқылы анықтаудан бас тартпады. Келушілерге жадынамалық парақшалар таратылды.

От admin