АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану жолдары тақырыбында ұйымдастырылып, өткізілген бұл семинарда баяндамашылар эпидемиолог көмекшілері И.С.Қалдарбеков, Ж.Асылхан АИТВ инфекциясының пайда болуы мен жұғу жолдарынан көптеген ақпараттар берді. Сондай – ақ жоғарғы сынып оқушыларына қазіргі таңда қалыптасқан эпидемиологиялық ахуал жайлы ақпараттар бере отырып, ақпараттық – танымдық кітапшалар таратты.



