Түркістан облысы ЖИТС тің алдын алу және онымен күресу орталығының мамандары Сайрам аудандық емханасында болып, ашық есік күнін өткізді.

 

Дүниежүзілік ЖИТС ке қарсы күрес күніне орай өткізілген іс-шара барысында «Көшбасшылық қауымдастықтарға» ұранын ұстанған дәрігерлер емханаға келушілерге АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы ақпараттар берді.

 

Сонымен қатар бұндай профилактикалық шаралар жыл бойы өткізіліп тұратындығын және олар өз мәртебесін анықтау үшін кез келген уақытта орталық қызметіне тегін жүгіне алатындығын жеткізді.

#Көшбасшылық_қоғамдастықтарға

#Лидерство_сообществам