Көшбасшылық қауымдастықтарға» ұранымен өткізілген науқан аясында Түркістан облысы ЖИТС тің алдын алу және онымен күресу орталығының мамандары Кентау жастар ресурстық орталығында болды.

 

Жастарға акция өткізу барысында аталған науқанның маңыздылығы мен АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы мағлұмат берді.

 

Қоғамда үлкен рөл алатын жас көшбасшылардың аталған инфекцияға көзқарасы мен пікірлерін тыңдап, алдағы уақытта оларды өз мәртебесін анықтауға орталыққа шақырды.

#Көшбасшылық_қоғамдастықтарға

#Лидерство_сообществам