Түркістан облысы ЖИТС тің алдын алу және онымен күресу орталығының мамандарының ұйымдастыруымен қала тұрғындары мен қонақтарына арналған ашық есік күні өткізілді.
Шара барысында орталықтың барлық дәрігерлерінің қатысуымен кезексіз және тегін сапалы медициналық қызмет көрсетілді.
Атап айтқанда келушілер өз мәртебесін анықтауға мүмкіндік алып, денсаулығына байланысты сұрақтары бойынша орталық дәрігерлерінен кеңес алды.