✅19 наурыз күні Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы
“Облыстық фтизиопульмонология орталығында” 24 наурыз Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай “Ия! Біз туберкулезді жеңе аламыз!” ұранымен өтетін бір айлық жоспарға сәйкес дөңгелек үстел өтті.
⚡Жиынға Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының стационарлық, медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің басшысы Жамалова Салтанат Абдукаимовна (онлайн), Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының емдеу профилактикалық қызметті үлестіру бөлімі басшысы Туреханова Лаура Муханқызы (онлайн), Түркістан облысы СЭБД Аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлім бас маманы Алимов Жамқор Хусаинович (онлайн)қатысса
✅ Шымкент қаласының СЭБД Аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлім басшысы Мусаева Балкүміс Балсеитқызы, «Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес орталығы» Эпидемиология бөлімінің меңгерушісі Қалмахан Ақмаржан Бағданқызы, «Шымкент қалалық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес орталығы» басшы орынбасары Маширов Қожахмет Намазбаевич, “Үміт” ҮЕҰ үйлестірушісі Тұрғынбаева Еркемай, “Жолдас” ҮЕҰ үйлестірушісі Тұрғынбаев Болат, ХҚТУ және Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының оқытушылары, БАҚ өкілдері, ОФО бөлім меңгерушілері қатысты.
⚡Дөңгелек үстелде 2023 жылғы және 2024 жылдың 2 ай қорытындысы бойынша туберкулез ауруының эпидемиологиялық жағдайы, алдын алу шаралары, санитарлық ағарту жұмыстары талқыланып, алдағы атқарылатын іс-шаралар жоспары ортаға салынды.

От admin