Сауран ауданы білім бөліміне қарасты «Қаражон» шағын жинақталған білім беретін мектебінде АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары тақырыбында семинар жұмыстары жүргізілді.
♻️Шарада аталған инфекция жайлы толыққанды ақпарат беріліп, жадынамалық парақшалар таратылды. Сонымен қатар слаидты көрсетілім арқылы түсіндірме жұмыстарын жасаған мамандар қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.