Кентау қаласында облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары АИТВ және ЖИТС-тың алдын-алу шаралары бойынша үйлестіру кеңесін өткізді. Шараға қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова мен әкімдікке қарасты тиісті бөлім басшылары және Эпидемиология бөлімінің меңгерушісі Ақмаржан Қалмаған мен Әдістемелік — ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Еркін Есалиев қатысты.
Кеңесте төмендегідей мәселелер қаралды:

2. Балалар мен жасөспірімдер арасында АИТВ инфекциясының таралуының алдын алу.
3. Репродуктивті жастағы (15–49 жас аралығы) халық арасында АИТВ инфекциясының жұғуының алдын алу.
4. 2024 жылдың жылдық қорытындысы бойынша эпидемиологиялық жағдайын талқылау.
5. Жүкті әйелдердің серіктестерін тексеру бойынша АИТВ инфекциясының жұғуының алдын алу.
6. АИТВ инфекциясының кеш анықталуы бойынша.
Аталған мәселелер бойынша баяндама тыңдалып қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.



