Сауран ауданы білім бөліміне қарасты №1 жалпы білім беретін мектеп пен Р. Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектептерінде жоғары сынып оқушылары арасында семинар жұмыстары жүргізілді.
АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары тақырыбында жүргізілген бұл шара оқушылар мен мұғалімдердің медициналық білімін жетілдіруге арналды. Өз кезегінде орталық мамандары аталған инфекция жайлы толыққанды ақпарат беріп, жадынамалық парақшалар таратты.