Сауран ауданы білім бөліміне қарасты М.Маметова атындағы жалпы білім беретін мектебінде жоғары сынып оқушыларына семинар жұмыстары жүргізілді. АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары тақырыбында жүргізілген бұл шараға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психологтар мен мектеп мұғалімдері қатысты.


