Түркістан облысы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары №13 А.Науаи мектеп-гимназиясы мен Қазыбек би атындағы №14 жалпы білім беретін мектепте жоғары сынып оқушылары арасында семинар жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында аталған инфекция жайлы толыққанды ақпарат беріліп,оның таралуы мен жұғу жолдары толыққанды айтылды. Өз кезегінде мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, жадынамалық парақшалар таратылды.