Сарыағаш аудандық білім бөліміне қарасты номері 66 Толыбай атындағы және номері 16 Қ.Сәтбаев атындағы мектеп- гимназияларының жоғары сынып оқушыларына семинар жұмыстары жүргізілді. АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары тақырыбында жүргізілген бұл шараға жоғары сынып оқушылары мен мектеп мұғалімдері қатысты.
Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары ұйымдастырған бұл шарада тыңдаушылар аталған инфекцияның пайда болуы мен таралуы жайлы ақпарат алып, көкейлерінде жүрген сауалдарға жауап берілді.


