Түркістан облысы Келес аудандық жастар ресурстық орталығында жастармен кездесу өтті. Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының маманы Еркін Есалиев өткізген бұл шарада жастармен ашық пікір алмасу жүргізілді.
☑️Шарада АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары тақырыбында баяндама жасалып, осы ақпаратты жастарға қалай жеткізу жолдары да қарастырылды.