Түркістан облысы Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік нысандарында профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда Дәулет базары, Балақай сауда үйі және Сулпак сауда үйлерінде өткізілген бұл шараға сауда қатарларына келуші тұрғындар мен сауда орталықтарының қызметкерлері қатысты.
Аталған шарада АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы ақпарат беріліп, жадынамалық парақшалар таратылды.


