Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Абай атындағы №31 жалпы білім беретін мектеп пен Ш.Ниязов атындағы жалпы білім беретін мектепте жоғары сынып оқушылары арасында семинар жұмыстары жүргізілді.
АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары тақырыбында жүргізілген бұл шараға жоғары сынып оқушылары мен мектеп мұғалімдері және медбике мамандар қатысты.
Шара барысында аталған инфекция жайлы толыққанды ақпарат беріліп, жадынамалық парақшалар таратылды.