Түркістан облыстық білім бөліміне қарасты Нұртас Ондасынов атындағы Түркістан мамандандырылған мектеп интернатының жоғары сынып оқушылары арасында семинар жұмыстары жүргізілді. Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары ұйымдастырған бұл шараға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психологтар мен педагогтар, медбикелер мен жоғары сынып оқушылары қатысты.




