А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің стоматология факультеті мен медицина факультетінің студент жастары арасында облыстық АИТВ — инфекциясының алдын алу орталығы ұйымдастыруымен «АИТВ инфекциясының алдын алу және Стигма, кемсітушілікті болдырмау» тақырыбында кездесу болып өтті. Іс- шараға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының Жастар ресурстық орталығы мамандары және дәрігер нарколог қатысты.
💫Шара барысында АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы ақпарат беріліп, салауатты өмір сүру салтын насихаттау жұмыстары жүзге асырылды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, жадынамалық парақшалар таратылды.