Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты/34 және /35 мектеп оқушыларының арасында семинар жұмыстары жүргізілді. Аталған шараға жоғары сынып оқушылары, мектеп психологы мен медбикелері қатысты.
Облыстық жастар ресурстық орталығымен бірлесіп өткізілген бұл шарада АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы ақпарат беріліп және жастар сапасында салауатты өмір сүру салтын насихаттау бойынша да баяндама тыңдалды.
❗Өз кезегінде мамандар семинарға қатысушы жастарға қойған сауалдарына жауап беріп, жадынамалық парақшалар таратты.