Түркістан облысы Қазығұрт ауданында орналасқан №11 кәсіптік техникалық колледжінің студенттері арасында семинар жұмыстары жүргізілді. Шараға қатысушылар АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы ақпарат алды. Сонымен қатар мамандар қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, жадынамалық парақшалар таратты.