Түркістан қаласына Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев іс сапармен келді. Ол өз сапары барысында мәдениет және денсаулық саласының қызметкерлерімен кездесті. Кездесуді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жүргізіп отырды.
Кездесуге Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев пен бір топ сала мамандары да қатысты. Өз кезегінде Қалалық емхана бастығы Райымбек Тасырбаев сөз алып, өңірдегі денсаулық саласы бойынша даму бағытын баяндады.
Ұлттық құрылтай аясында елімізде іске асырылатын жоспарлар сөз болды, сондай-ақ денсаулық саласына мамандарды даярлауға қатысты бірқатар мәселелер айтылды. Осы және өзге де мәселелер ортаға салынып, біршама ұсыныстар да назардан шет қалмады.