Қазығұрт аудандық білім бөліміне қарасты мамандандырылған “Дарын” мектеп — интернатында семинар жұмыстары жүргізілді. АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы өткізілген бұл шараға мектеп психологы мен медбикелері және жоғары сынып оқушылары қатысты.
✅Шарада аталған инфекция жайлы толыққанды ақпарат беріліп, жадынамалық парақшалар таратылды. Өз кезегінде мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, профилактикалық шаралардың маңыздылығына тоқталды.