Түлкібас ауданы ЖШС Балбөбек №1 медицина орталығында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. АИТВ инфекциясы бойынша қолданыстағы бұйрықтар таныстырылған бұл шарада мекеме мамандары көптеген ақпарат ала білді. Сонымен қатар аталған инфекция жайлы нұсқаулықтар мен зертхана жұмыстарында қолданылатын ережелер де түсіндірілді.
❗Өз кезегінде мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.