Ордабасы ауданы білім бөліміне қарасты Қ. Бектаев атындағы жалпы білім беру мектебінің жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдері арасында «АИТВ инфекциясын алдын алу және АИТВ инфекциясымен өмір сүруші адамдардың құқығын қорғау» тақырыбында кездесу болып өтті.
✅ Репродуктивті денсаулық апталығы аясында жүзеге асырылып отқан бұл шарада 71 адам қамтылды. Шара барысында АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары айтылып, сонымен қатар жыныстық жолмен берілетін ауруларға кеңінен тоқталды.