Түркістан облысы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Кентау қалалық Алау жастар денсаулық орталығымен бірлесе отырып жастар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Репродуктивті денсаулық апталығы аясында жүргізілген бұл шарада орталықтың басшы орынбасары Рыскелдиев Даурен Қашаубайұлы сөз алып жастар арасындағы салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы ақпарат берді.

Неліктен маңызды?
• Ерте жастан ақпарат алу – өз денсаулығыңа жауапкершілікпен қараудың бастамасы.
• Жыныстық сауаттылық – қажетсіз жүктіліктен, жұқпалы аурулардан қорғайды.
• Дәрігерге дер кезінде қаралу – болашақ ана мен әкенің дені сау ұрпақ сүйуіне жол ашады., — деді Д.Рыскелдиев.




