Түркістан облысы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары 2026 жылдың алғашқы профилактикалық жұмыстарын бастады. Білім беру мекемелерінен бастау алған бұл шара Сауран ауданы А. Байтұрсынұлы және Ж. Тәшенов атындағы жалпы білім беретін мектептерінде өтті.
❗Шарада АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы ақпарат беріліп, жадынамалық парақшалар таратылды. Сонымен қатар мамандар стигма, дискриминация жайлы кеңінен түсіндіріп, АИТВ инфекциясын жұқтырған науқасты қоғамнан шеттетуге болмайтыны жайлы пікір алмасты.