Сауранды ауданы әкімдігіне қарасты Мансап орталығы мекемесінің қызметкерлеріне АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы ақпарат берілді.
Шара барысында аталған инфекция бойынша толыққанды ақпарат беріліп, жадынамалық парақшалар таратылды. Сонымен қатар қатысушылар өз мәртебесін анықтауға мүмкіндік алып, алғыстарын білдірді.