№1 және 2 Облыстық перинаталды орталық мамандарына әдістемелік көмек көрсетілді. Шара барысында АИТВ инфекциясы бойынша қолданыстағы бұйрықтар мен нұсқаулықтар таныстырылып ондағы енген өзгерістер түсіндірілді.
Сонымен қатар орталық мамандары бірлесіп жұмыс жасау барысында қызметкерлер тарапынан кеткен кемшіліктерге тоқталып, оны түзету жолдарын ұсынды. Өз кезегінде орталықтың инфекционист дәрігері Гүлжан Хасанова мен эпидемиолог мамандар Еркін Есалиев және Меруерт Атамбаева бұйрықтар негізінде жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті.