Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мамандарымен облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары бірлескен семинар өткізді. Шара барысында АИТВ инфекциясы бойынша жастарға ақпарат беріліп, жадынамалық парақшалар таратылды.
🖇️Сонымен қатар стигма, дискриминация жайлы кеңінен түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Өз кезегінде жастар өз мәртебесін анықтауға мүмкіндік алып, шараны ұйымдастырушы мамандарға алғыс білдірді.