Төлеби ауданы Ленгер қаласында орналасқан арнаулы оқу орнында облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының басшы орынбасары Рыскелдиев Даурен Қашаубайұлының арнайы қатысуымен кездесу өтті.
🖇️Шараға колледж директоры Калиева Нурсулу Абдешқызы мен орталықтың әдістемелік ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Есалиев Еркін Сұлтанбайлы және колледж студенттері мен оқытушылары қатысты.
⤴️Өз кезегінде орталық мамандары АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы ақпарат беріп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында да бірқатар ұсыныстар енгізді.