Кентау қаласы білім бөліміне қарасты Тұрар Рысқұлов атындағы N24 жалпы білім беретін мектеп оқушыларына АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шараны орталықтың педагог маманы Марат Кенжегулов жүргізіп, аталған инфекция бойынша толыққанды ақпарат берді.
‼️Шара барысында адамның иммундық тапшылығы вирусы мен Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу бойынша ақпарат беріліп, стигма дискриминация жайлы кеңінен айтылды.