Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының басшы орынбасары Даурен Қашаубайұлы Рыскелдиев облыстық Оңтүстік телеарнасының «Таң нұры» ақпараттық танымдық бағдарламасында қонақта болды.
♻️Эфир барысында Даурен Қашаубайұлы орталықта жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталып, АИТВ инфекциясы бойынша толыққанды ақпарат беріп өтті.
☘️Сонымен қатар аталған инфекцияның алдын алу жолдарына да ерекше назар аударып, алда атқарылатын жұмыстармен бөлісті. Өз кезегінде білікті маман ретінде барлық тұрғындарды орталыққа келіп өз мәртебесін анықтауға шақырды.