Семинар «Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы» басшысының 12.01.2023 жылғы №17-н/қ санды бұйрығын басшылыққа ала отырып, Түркістан облысында адамның иммунитет тапшылығының вирусы инфекциясы мен жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромының алдын-алу және емдеу жөніндегі медицина қызметкерлерінің АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша білім деңгейін көтеру және әдістемелік көмек беруді мақсат етті.

Семинар барысында медицина қызметкерлерінің жұмыс жүргізу барысында басшылыққа алатын бұйрықтары түсіндірілді, атап айтқанда: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-211/2020 бұйрығымен бектіліген «АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидалары».

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-204/2020 бұйрығымен бекітілген «АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қаралу және консультация алу қағидалары»

3.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-204/2020 бұйрығымен бекітілген «АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қаралу және консультация алу қағидаларын»

4.ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталығының 22.07.2015 ж №39 бұйрығы; 5. «Ересектердегі АИТВ инфекциясының диагностикалау және емдеудің клиникалық хаттамасы», «Жүкті және босанушы әйелдер бойынша» және «Балалардағы АИТВ инфекциясының диагностикалау және емдеудің клиникалық хаттамасы» — АИТВ инфекциясын жұқтырған анадан туылған балалар бойынша 2020 жылғы 11 маусымдағы №97 хаттамалары.

#житсорталығытүркістанТуркестан