Түркістан облысы ЖИТС тің алдын алу және онымен күресу орталығы мамандарының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Көшбасшылық қауымдастықтарға» ұранымен іс шара өткізілді.
Түркістан қалалық Ақмарал ауруханасында өткізілген бұл ашық есік күніне қала тұрғындары мен аурухана қызметкерлері қатысты.
АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы мәліметтер беріліп, жадынамалық парақшалар таратылды. Сонымен қатар жедел тест жұмыстары жүргізіліп, өз мәртебесін анықтауға мүмкіндік берілді.