Түркістан облысы ЖИТС тің алдын алу және онымен күресу орталығының мамандары ҚР президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының қызметкерлеріне семинар жұмыстарын жүргізді.
Семинар барысында АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары тақырыбында баяндама тыңдалып, қатысушыларға жадынамалық парақшалар таратылды.
Сондай ақ қатысушылар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, жедел тест тапсыру арқылы өз мәртебесін анықтауына мүмкіндік алды.