Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚР кодексінің 99-бапты негізге ала отырып АИТВ инфекциясының профилактикасы бойынша АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайының өсуіне байланысты, АИТВ инфекциясының таралауының алдын алу іс – шараларын жүргізу мақсатында Түркістан облысы Сайрам ауданы әкімдігінде үйлестіру кеңесі өтті.
Кеңеске Сайрам ауданы әкімдігіне қарасты тиісті бөлім басшылары мен аурухана емхана басшылары және Түркістан облысы ЖИТС тің алдын алу және онымен күресу орталығының басшысы Жузжасаров Бақытжан Заманханұлы қатысты. Жиында төмендегі мәселелер қаралды.
1. Түркістан облысы бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру.
2. Балалар мен жасөспірімдер арасында АИТВ инфекциясының таралуының алдын алу.
3. Репродуктивті жастағы (15–49 жас аралығы) халық арасында АИТВ инфекциясының жұғуының алдын алу.
4. 2023 жылдың жылдық қорытындысы бойынша эпидемиологиялық жағдайы.
Аталған мәселелер бойынша баяндамалар тыңдалып, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылды. Сонымен қатар талқыланған мәселелер бойынша шешім қабылданды.