Түркістан облысының Әділет департаментінің қызметкерлеріне облыстық ЖИТС тің алдын алу және онымен күресу орталығының мамандары семинар жұмыстарын жүргізді.
АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары тақырыбында жүргізілген бұл шарада аталған инфекция жайлы толық мағлұмат беріліп, қатысушылар өз мәртебесін анықтауына мүмкіндік алды.