Жыл сайын дүние жүзінде мамыр айының үшінші жексенбісінде ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні аталып өтіледі. Осы науқан аясында облыс көлемінде «Түркістан Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының» мамандары көптеген профилактикалық шаралар атқарды.
Атап айтқанда Ашық есік күні, акциялар, дөңгелек үстел, семинарлар, дәрістер, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кезекті сондай шаралардың бірі «Бірге есте сақтаймыз, бірге махаббат пен ынтымақтастық арқылы сауықтырамыз»тақырыбында өткен дөңгелек үстел болды.
Бұл шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасының алғашқы медициналық – санитарлық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Спатаева Жанат Төлегенқызы, және штаттан тыс бас эпидемиолог Жасұзақова Айсұлу Таңатқызы, Облыстық фтизиопульмонология орталығының басшы орынбасары Құдайбергенов Ишанбай Рысқұлбекұлы, Облыстық психикалық денсаулық орталығының басшы орынбасары Наркабулов Айдынбек Аманбекович, Облыстық тері – венерология диспансерінің АИТВ инфекциясына жауапты маманы Абдибекова Роза Қасымбекқызы, ҮЕҰ «Бәйшешек» ҚБ үйлестурушісі Тиленшиев Назарәлі Рахманалиевич, «Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының» басшы у.м.а Рыскелдиев Дәурен Қашаубайұлы, эпидемиология бөлімінің меңгерушісі Қалмахан Ақмаржан Бағданқызы, Емдеу алдын алу бөлімінің меңгерушісі Хасанова Гүлжан Жәнібекқызы, Профилактикалық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Амирбеков Еркінбек Раушанбекұлы қатысты.
Шарада облыс көлемінде АИТВ инфекицясының алдын алу мәселелері бойынша тың ақпараттар мен алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды.