Сауран ауданы білім бөліміне қарасты Қазыбек би және А. Югнаки атындағы жалпы білім беретін мектептерінің жоғары сынып оқушылары арасында семинар жұмыстары жүргізілді. Аталған шарада АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары тақырыбында баяндама жасалды.
Орталықтың педагог маманы М.Кенжегулов слаидты көрсетілім арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, аталған инфекция жайлы толыққанды ақпарат берді. Шара барысында жадынамалық парақшалар таратылды.



