Түркістан облысы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары №13 А.Науаи мектеп-гимназиясы мен Қазыбек би атындағы №14 жалпы білім беретін мектепте жоғары сынып оқушылары арасында семинар жұмыстарын жүргізді.
☑️Шара барысында аталған инфекция жайлы толыққанды ақпарат беріліп,оның таралуы мен жұғу жолдары толыққанды айтылды. Өз кезегінде мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, жадынамалық парақшалар таратылды.