Сауран ауданы білім бөліміне қарасты А. Үсенов атындағы жалпы білім беретін мектепте жоғары сынып оқушылары арасында семинар жұмыстары жүргізілді. Шарада АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы ақпарат беріліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
✅Өз кезегінде мамандар аталған инфекция жайлы толыққанды ақпарат беріп, жадынамалық парақшалар таратты. Сонымен қатар слаидты көрсетілім арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сауалнама өткізді.