7-сәуір Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай облыс орталығында Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен , «Walk the Talk» спорттық акциясы өтті. Спорттық шараға Түркістан облысының медицина ұйымдарының оның ішінде облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары да белсене қатысты. Сайысқа қатысушылар сергектік пен жігер танытып, алдағы уақытта облыс халқының денсаулығын нығайтуға үлес қосып, дене қозғалысының белсенділігін арттыруда үлгі бола білді.




