Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасына қарасты ЖШС Ем Қоңыр, ЖШС Каусар, ЖШС доктор Ирсалиев медициналық мекемелерінің медицина қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары ұйымдастырған бұл шарада АИТВ инфекциясы бойынша қолданыстағы бұйрықтар таныстырылып, нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігі тексерілді.




