Түркістан облысы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Халықаралық қазақ-түрік университетінде семинар жұмыстарын жүргізді. Шарада АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары тақырыбында баяндама жасалып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.
☑️Сонымен қатар мамандар аталған инфекция бойынша слаидты көрсетілім жасап, қатысушылардың пікірін тыңдай білді. Заман талабына сай туындаған сұрақтар төңірегінде де пікірталас өрбіп, қатысушылар өз мәртебесін анықтау үшін орталықтың тегін медициналық қызметіне жүгінуге шақырды.