Түркістан облысы статистика департаменті Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аталған шарада АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы ақпарат берілді.
🔻Өз кезегінде мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, жадынамалық парақшалар таратты. Сонымен қатар қатысушыларға өз мәртебесін анықтау үшін орталықтың тегін медициналық қызметіне жүгінуге шақырды.