Сайрам ауданы білім бөліміне қарасты М.Мақатаев атындағы жалпы білім беру мекемесінде семинар өтті. Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары ұйымдастырған бұл шара АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары тақырыбында болды.

Өз кезегінде мектептің медбике мамандары жадынамалық парақшалар таратып, оқушыларды осы ақпаратпен бөлісуге шақырды.



