Түркістан облысы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Төлеби ауданының орталық базарында халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мамандар тұрғындар көп шоғырланатын жерлерге барып, аталған инфекция бойынша толыққанды ақпарат берді.
❗Сонымен қатар мамандар тұрғындарға өз мәртебесін анықтауға мүмкіндік жасап, экспресс тест жасады. Аталған инфекция бойынша жасалып жатқан профилактикалық шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатындығын жеткізді.