Түркістан облысы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Түлкібас аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында болып, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Орталық мамандары АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы ақпарат беріп, жадынамалық парақшалар таратты.




