Кентау қаласы білім бөліміне қарасты А.Бөкейханов атындағы жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушылары арасында АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары бойынша семинар жұмыстары жүргізілді.
Мектеп әкімшілігімен бірлесіп өткізілген бұл шарада орталықтың эпидемиолог дәрігері А.Эртаева аталған инфекция жайлы ақпарат беріп, жадынамалық парақшалар таратылды.
